Главная | Регистрация | Вход
...
Поделиться
Меню сайта
Категории раздела
Литературное наследие [8]
Современные проза и поэзия Каз-а. [6]
Господа писатели! Здесь каждый из вас может здесь опубликовать электронный вариант свой книги.
Литературная учеба [7]
Самиздат [16]
Книги посетителей сайта
Новые материалв
[05.03.2007][Проза]
Вовка (2)
[05.03.2007][Проза]
Тайна старинного портрета (0)
[05.03.2007][Проза]
Моя вторая половинка. (1)
[05.03.2007][Проза]
Индикатор любви (0)
[23.03.2007][Дайджест прессы. Казахстан.]
Дешифратор сигналов (0)
[23.03.2007][Дайджест прессы. Россия.]
ГОГОЛЬ, УКРАИНА И РОССИЯ (0)
[23.03.2007][Проза]
НЕ О ЛЮБВИ (0)
[04.04.2007][Дайджест прессы. Казахстан.]
Продолжение следует... (0)
[04.04.2007][Дайджест прессы. Казахстан.]
Карнавал в вихре красок (1)
[05.04.2007][Проза]
Мечтатель (0)
Вход на сайт
Поиск
Теги
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • /li>
  • Главная » Файлы » Наша библиотечка » Современные проза и поэзия Каз-а.

    БЕКЕТ КАРАШИН МҰҚАНӘЛІ, БЕКЕТ, ӘЛІМҰҚАН ҚАРАШИНДЕР
    19.10.2009, 05:27

                        ӘУЛЕТ  ӘУЕЗІ               
                   
                            (ӨЛЕҢДЕР)

                    АВТОРЛАР ТУРАЛЫ

    МҰҚАНӘЛІ  ҚАРАШИН
    1919 жылы Атырау облысы Индер ауданның Өрлік селолық округіне қарасты Тумада дүниеге келген. 1937 жылы Кулагинодағы Жамбыл атындағы орта  мектепті бітірген.
        Еңбек жолын Есбол аудандық атқару комитетінде нұсқаушы болып бастаған. Ол Тума ауылында орталау мектепте мұғалім болып еңбек етіп жүргенінде Ұлы Отан соғысы басталып 1941-1946 жылдар әскер қатарында азаматтық борышын өтеді. Қанқұйлы соғыстың сұрапыл сәттерін бастан өткеріп, өшпес ерлік үлгісін көрсетті.
        Соғыстан оралсымен 1946 –1950 жылдары  Қаңбақты ауылдық кеңесінде хатшы, ауаткомның жалпы бөлімінің меңгерушісі, партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерінде болды. М. Қарашин 1952 – 1954 жылдары «Степан Разин» колхозының партком хатшысы; 1954 -1956 жылдары Горы селолық кенісінің төрағасы, одан соң дукен меңгерушісі, ал 1957 жылдан 1971 жылы аралығында Батыс Қазақстан облысына қарасты Тайпақ ауданында түрлі жауапты қызметтерде істеді. Оралдағы кооператив техникумын сырттай бітірді.
        Қарашин Мұқанәлі 1971 – 1979 жылдары аудандық сүт зауытын басқарып, осы саланың дамуына айтарлықтай үлес қосты. Еңбек демалысына барлаушылардың жұмысшыларды жабдықтау бөлімшесінің меңгерушісі болып жүріп шықты.
        Белсеңді еңбегі өтесіз болмай ол бірнеше рет аудандық, ауылдық кеңестердің депутаттығына сайланды, «Ауданның  Құрметті азаматы» атағына ие болды.
        Соғыстағы өшпес ерлігі «Қызыл жұлдыз», «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Жаунгерлік еңбек үшін» және 2 рет «Ерлігі ушін» деген және тағы басқа медалдармен аталынып өтілді.
        Қарашин Мұқанәлі жас кезінен өлеңге әуес болып, өзі де талай шығармаларды өмірге әкелген. Өкінішке орай, көптеген өлеңдері соғыс, көшу-қону кезідерінде жоғалып кеткен. Әсіресе, соғысқа арналған жырлары, толғау өлеңдері ізсіз жоғалған. Өлеңдерінің қалдықтарын сарғайып кеткен қағаз беттерінен, оқушылар дәптерлерінен баласы Бекет теріп-жинап баспаға дайындаған.        
        Қарашин Мұқанәлінің абзал жүрегі 2000 жылдың 3 қыркүйегінде соғуын тоқтатты...

                БЕКЕТ  МҰҚАНӘЛІҰЛЫ ҚАРАШИН   
        Бекет Муқанәліұлы Қарашин 1953 жылы Атырау обылысының Индер ауданының Аққала ауылда туған. Балалық және жастық шағын Батыс Қазақстан обылысында өткізген. 1970 жылы Тайпақ ауданының Калмыков поселкасының орта мектебін және спорт-школасын бітірген. 1970-1972 жылдары Алматы уй құру комбинатында жұмыс істеп, Қазақ Политехникалық институтында оқыған (кешкі оқу).
        1972 -1974 жылдарда Б.Қарашин Кеңес Армиясының қатарында әскери борышын атқарды. 1974-1979 ж.ж. ол Қазақстан мемлекеттік университетінің философия және экономика факультетінде оқып, осы оқу орнында үздіктік дипломға ие болды.
        1979 -1993 жылдары Қарашин Б. Қарағанды Ішкі Істік  министрлігінің (әуелі Кеңес Одағынын сосын Қазақстан Республикасының) Жоғары мекетебінде философия кафедрасында мұғалім (аға мұғалім) болып еңбек еткен. 1983 – 1986 жылдары ол Қазақ КСР Ғылыми Академиясының философия және заң аспирантурасын бітірген. Ішкі істер министірлігінің мектебінде жұмыс жасап жүргенде, Б.Қарашин жауапты және күрделі үкіметтік тапсырмаларды орындаған. 1980 ж. Москва қаласындағы Олимпиадада, 1989 ж. Қарабахта қоғамдық  тәртіп сақтау  шараларына қатынасқан.
        Кәзіргі уақытта Б. Қарашин – «Әдеби-тарихи және мәдени «Алшы» қорының  құрушысы және төрағасы. Атырау қаласында тұрады. Жанұясында екі баласын тәрбиелеп отыр.
        30 жылдан бері Б. Қарашин философия, тарих, лингвистика, аударма, поэзия, мәдениет, экология және түрік тану мәселелерімен шұғылданады. Оның 200-ден аса мақалалары, құлақтандырулары отандық және шетелдік әдеби, ғылыми жинақтарда, кітаптарда, мерзілі басылымдарда жарияланған. 
        Б.Қарашинның қаламының астынан бірнеше кітап дүниеге келген: «Бейбарс: эпоха и личность» (Алматы, «Өлке», 2001, Актөбе, «А-Полиграфия», 2003), «Махамбет. Жыр-жебе. Стихострелы.» (Алматы «Дайк-Пресс», 2002), «Запоздалые стихи» (Актобе, ТОО «Полиграфия», 2004), «Рыцарская поэзия казахских жырау»  (Алматы, «Өлке», 2005), «Махамбет кітапханасы», (Алматы, «Өлке», 2004, 20-томдық басылуының 1 томы), «Почтение земли – поклон Человеку» (О.Сулейменовтың 70-жылдығына арналған, Алматы, 2006, «Интерлигал»),  «Дороги, раздумья, итоги» және т.б.  
        Қарашин Б. тағы бірнеше кітаптардың бірлескен авторы: «Махамбет елі» кітап-альбомының ішіндегі аудармалар (Алматы, «Өлке», 2003), «Атырау тұлғалары» (2 том, Алматы, «Арыс», 2004), «Заложники большой нефти» (Алматы, 2005), «Қарой анталогиясы» (Атырау, 2003), «Менің Қазақстаным» (Алматы, 2002) және т.б.
        Б.Қарашин 150-ден аса қазақ жырауларының, ақындарының, серілерінің поэзиялық шығармаларын, 20-дан аса көркем прозалық және киносценариалық туындыларын, қазақ халқының бірнеше жүзден аса мақал-мәтелдерін орыс тіліне аударған.
        2003 жылы Қарашин Бекетке «Махамбет. Жыр-жебе. Стихострелы.» деген кітабы үшін  Махамбет атындағы силық берілді. Осы аударма кітабына Қазақстанға белгілі ақындар, жазушылар, мәдени қайраткерлер (Ә.Кекельбаев, Ф.Унгарсынова, Г. Бельгер, М.Ауэзов, Ә. Нурпеисов, О.Сулейменов және т.б.) аса биік баға берді.
        Осы кезеңде Қарашин Бекет Мұқаналыұлы шығармашылық еңбегін жалғастыруда...

            ӘЛІМҰҚАН  БЕКЕТ ҰЛЫ  ҚАРАШИН
        1990 жылы 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Өлеңді 11-12 жасынан бастап жазады. Әлімұқанның атын буынды палиндром арқылы Мұқаналі атасының есімін сақтау мақсатымен әкесі қойған. Әлімұқан  Атырау қаласының Қ. Сатпаев атындағы № 19 қазақ орта мектебінің оқушысы.

    Категория: Современные проза и поэзия Каз-а. | Добавил: Людмила | Теги: Бекет Карашин
    Просмотров: 2624 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]